Аманкелді Таспихов Павлодар жұртшылығымен кездесті

13.05.2019 20:07

Қарапайым жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау керек. Осылай деген Қазақстан Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспихов Павлодар облысындағы ұжым өкілдері және кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол сайлауалды үгіт-насихат кезінде халыққа еліміздегі кәсіподақ ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстарын таныстырды. Ал, сайлаушылар өз кезегінде қазіргі еңбек заңнамасының кейбір баптарына өзгеріс енгізуді өтінді.

«Педагог мәртебесі жайлы» заң жобасы бүгінде әлі талқыланып жатыр. Онда мектепке жаңа кірген жас мамандардың жалақысын көтеру, 30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдерді зейнеткерлікке шығару секілді мәселелер көтерілген», – дейді Білім саласындағы Кәсіподақ ұйымының өкілі Айгүл СЫЗДЫҚОВА.

«Заңды жасақтаған кезде кәсіподақ ұжымы араласқан болатын. Біз енді соны жүзеге асырғалы жатырмыз. Сондықтан қойған сұрақтардың бәрі де орынды», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді ТАСПИХОВ.