Орталық сайлау комиссиясы қорытынды нәтижені жариялады

16.01.2023 20:10

Сенбідегі саяси додада 20 өңірден бір-бір кандидат сайланған

Depositphotos

Еліміздегі Парламент Сенатына жаңа 20 депутат қосылды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Сенат сайлауының қорытынды нәтижесін шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сенбідегі саяси додада 20 өңірден бір-бір кандидат сайланған. Үміткерлерді таңдап дауыс беруге қатысқан жергілікті мәслихат депутаттарының жалпы саны 3160-тан асады. Жоғары палатаға жайғасқан халық қалаулыларының жаңа құрамында үш әйел бар. Депутаттардың орташа жасы – 53.

«Сенатта енді тағы 10 сенатор болады. Оны бесеуі ҚХА атынан сайланатын болады. Оның барлығы заң жүзімен іске асырылады», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.