|
13.05.2019 | 19:31
3755

ҚР Коммунистер партиясы сайлауалды жұмыстарын тұсаукесер рәсімінен бастады

Параллельно началось распространение листовок

ҚР Коммунистер партиясы сайлауалды жұмыстарын тұсаукесер рәсімінен бастады

Нұр-Сұлтанда Коммунистер партиясының Республикалық сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті. Шара барысында сайлау науқанында таратылатын үгіт - насихат материалдары таныстырылып, штаб жетекшісі белсенділермен бірлесіп алдағы науқанға дайындықты пысықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Республикалық штабтың ашылуы қазақтық ұлттық салт-дәстүрімен жалғасты. Салтанатты шарадан кейін Коммунистер үміткері кішкентай сәбидің тұсауын кесіп, оған ақ жол тіледі.

«Тұсауын кескен сәбидің болашаққа жасаған қадамы нық болсын дейміз.  Ол адал және парасатты азамат болып өссе екен. Яғни, біз Қазақстанның болашағын сеніп тапсыратын азаматтарды осындай жас сәби кезінен бастап тәрбиелеуіміз керек. Біздің сайлауалды бағдарламамыз бен қазақтың тұсаукесер салты екеуі бір-бірімен сәйкес келіп отыр», – дейді  ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл АХМЕТБЕКОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир