Алматыда Дінмұхамед Қонаев сайтының тұсауы кесілді

21.08.2019 23:43

Кез келген азамат kunayev.kz порталына кіріп, Димаш Ахметұлының суреттері және құжаттарымен таныса алады

Портал аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің дүниеден өткеніне 26 жыл толуына орайластырылып іске қосылды. Мұнда академиктің өміріне қатысты құнды мұрағаттар ұсынылған,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кез келген азамат kunayev.kz порталына кіріп, Димаш Ахметұлының жеке қорынан алынған суреттер және құжаттармен таныса алады.

«Бүгінде интернетте жүрген Қонаев туралы ақпарттардың ішінде көптеген мифтер де бар. Соның барлығының ақ-қарасын ажырату үшін осы сайт ашылды. Мұнда Димекеңнің суреттері мен видеолары бар. Ол кісі қалай, қанша өмір сүрді барлығы осы видеолардың ішінде бар», – деді Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық қорының бас директорының орынбасары Тимур ЖҰМАНОВ.

Айта кетейік, ертең таңертең Дінмұхамед Қонаев атындағы гүлзарда тқлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.