Саяси доданың немен аяқталатына әзірге белгісіз
АҚШ-та президент сайлауынан кейін дауыс санын есептеу әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әзірге демократиялық партиядан тартысқа түскен Джо Байден қарсыласы Дональд Трамптың алдында келе жатыр. Дерек көздеріне сүйенсек, Байден 264 дауыс, ал Трамп 214 дауыс жинаған. Жеңіске жету үшін үміткерлер 270 дауыс жинауы керек. Әзірше тек электоралды дауыстардың саны мен халықтың тікелей дауыс беруі бойынша нәтиже белгілі секілді. Саяси доданың немен аяқталатына әзірге белгісіз. Десе де елде жағдай шиеленісіп барады. Кей қалаларда Президент Дональд Трамп пен Джо Байденнің жақтастарының шерулері жиілеген. Детройт қаласының орталығына қос кандидатты қолдаушылар жиналып, бір-біріне айқайлап, бетпе бет келген. Ал Аризона штатынының орталығы Фэникс қаласында Трамптың жақтастары санақ жүріп жатқан ауданға жиналып, процестің ұзаққа созылғанына наразылық танытуда. Пенсильванияда да осындай жағдай. Ахуалдың шиеленісуіне байланысты штат орталығында қауіпсіздік шараларын күшейтілген. Өз кезегінде Дональд Трамп заңды бюллетеньдер бойынша өз қарсыласын жеңгеніне сенім білдірді.