|
10.04.2019 | 15:18
5414

Сайлау-2019: Кандидаттарды тіркеу 28 сәуірде аяқталады

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты

Сайлау-2019: Кандидаттарды тіркеу 28 сәуірде аяқталады

Ағымдағы жылдың 9-шы маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды inform.kz.

Комиссия отырысында ол  ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары сайлау туралы қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес түрде әзірленгенін айтты.

«Науқанның жекелеген кезеңдерінің ұзақтығын айқындау үшін негіз «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 66-1-бабы болып табылады. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. Осы жоспарға сәйкес ҚР Президентінің лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан  күннен кейін, яғни 2019 жылғы 10 сәуірден басталып, ағымдағы жылдың 28 сәуірінде сағат 18-00-де аяқталады», -  деді К.Петров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ЦИК
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир