Түркияда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесі ашылды

12.11.2021 20:25
Фото: Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Жаңа кеңсенің ашылуына Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан президенттері және Мажарстан Премьер-Министрі қатысты. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан президенттерімен және Мажарстан Премьер-Министрімен бірге Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары Түркі Кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұлдың оңтүстік-шығысында орналасқан Демократия және бостандық аралына бет алды. Саммит Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады», – деп жазады ол.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына барған еді.