Елбасының КВИ-ге бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясынан айықты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөлетін болады», – деп жазды А.Үкібай Twitter-де.