«Керегі не?»: Тоқаевқа өзінің суреті бейнеленген билбордтар жақпай қалды
Мемлекет басшысы билбордтарда тек еліміздің нақты жетістіктерін көрсетуге тапсырма берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына сапары барысында өзінің суреті салынған билбордтар туралы пікірін білдірді.
«Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд қойылғанын естідім. Бұл мүлде орынсыз деп есептеймін, маған ондай насихаттың қажеті жоқ. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылықтың керегі не?», - деп Ақорданың баспасөз қызметі Тоқаевтың сөзінен үзінді келтірді.
Оның пікірінше, билбордтар Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нақты жетістіктерін көрсетуге арналуы керек.
«Бұл менің барлық деңгейдегі әкімдерге тапсырмам», - деп түйіндеді Қазақстан Президенті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
30.09.2026 10:15
Алматыда автотұрақ тарифі өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек
30.09.2026 10:58