Президент жолдауын орындауға бірінші басшы дербес жауапты – Асқар Мамин

03.09.2019 в 20:28

Осы ретте 7 қыркүйекке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірленетін болды

Әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауға алынып, орындалуының нақты мерзімі белгіленуі қажет. Бүгін еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Үкімет отырысында өткен жиында «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын іске асыру шаралары талқыланды. Үкімет басшысы Асқар Мамин Президенттің Жолдауын іске асыруды толығымен қаржылай қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттігін айтты. Ол үшін 7 қыркүйекке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірленетін болды.

«Мемлекет басшысы жолдауды экономиканы дамыту мен халықтың әл ауқатын жақсарту бойынша үкімет алдында бірқатар маңызды міндеттер қойды. Жолдаудың барлық бағыттары бойынша жалпыұлттық іс-шараларын жоспарын дайындалатын болады. Президент жолдауын іске асыруды толығымен қаржылай қолдау қажет. Барлық мемлекеттік органдарға жалпыұлттық іс шаралар жоспары бойынша Ұлттық экономика министрлігіне 5 қыркүйекке дейін ұсыныс өткізуді тапсырамын», – деді ҚР Премьер-Министрі Асқар МАМИН.