Президент Түркияға мемлекеттік сапармен барды

10.05.2022 20:30

"Есенбоға" халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Борт1 телеграм каналында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түркия астанасы "Есенбоға" халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.