Тоқаев Зеленскийді сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады

22.04.2019 20:32

Владимир Зеленский сайлауда 73,18 пайыз дауыс жинады

Фотоколлаж tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Владимир Зеленскийді Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісінде.  

Еске сала кетейік, сайлаудың соңғы қорытындысы бойынша Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген. 

Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым.