|
09.06.2019 | 15:36
5674

Сайлау-2019: Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткерлері өз дауыстарын берді

Сайлау-2019: Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткерлері өз дауыстарын берді

Еліміздің саяси өміріндегі ең маңызды оқиғада өнер жұлдыздары да белсенді. Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев жұбайымен бірге өз үйінде көшпелі дауыс беру жәшігі арқылы таңдауын жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. Танымал композитор бұл сайлаудың ел үшін маңызы ерекше екендігін атап өтті. «Кемел келешегіміз үшін өте қажетті шарадан тыс қалмау - әрбір қазақстандықтың парызы», - дейді ол.

Жалпы, бұл бөлімшеде дауыс беріп жатқан көпшіліктің ішінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева да бар.

«Бұл сайлау бәрімізге ортақ. Ел Президентін сайлауға егде жастағы кісіден бастап, жастарға дейін келсе біз де, халық та қуанамыз. Әр адам өз таңдауын жасау керек», - деді ҚР Халық әртісі Ескендір ХАСАНҒАЛИЕВ.

«Біз үлкен сенімменен болашаққа қарап, еліміз, жеріміз үшін бірігіп еңбек етпесек қандай нәтиже болады? Жалғыз адамның қолынан көп нәрсе келмейді. Оның барлығы біздің қолдауымызбен болу керек. Сондықтан, мен болашағымыз жарқын болатынына сенемін», - деді ҚР Халық әртісі Роза РЫМБАЕВА.

№ 254 сайлау бөлімшесінде тәртіп бұзушылық пен ескертпелер тіркелмеген. Мұнда сайлаудың өту барысын халықаралық бақылаушылар мен жергілікті мемлекеттік емес ұйымдар және партия мүшелері қатаң қадағалауда.

«Зағиптарға, көзі нашар көретіндерге барлығына жағдай жасалған», - деді Алматы қаласы №254 сайлау учаскесінің комиссия төрайымы Бақытжамал ОСПАНОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир