Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.