Ақжолдықтар «Темірбетон-1» зауытының жұмысшылармен кездесті

02.12.2020 20:39

Серіктестік 66 жылдан бері ел нарығын бетон және темірбетон бұйымдарының 2,5 мыңнан астам түрімен қамтамасыз етіп келеді

almaty.tv

«Ақ жол» партиясының мүшелері қаладағы «Темірбетон-1» зауытының жұмысшылармен кездесті. Серіктестік 66 жылдан бері ел нарығын бетон және темірбетон бұйымдарының 2,5 мыңнан астам түрімен қамтамасыз етіп келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында өндірістік нысан қызметкерлері Қазақстандағы зейнет жасын төмендету мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетке ертерек шығу мүмкіндігі болу керек.

«Бұл кәсіпорында жұмыс жасау жағдайы өте ауыр. Жұмысшылар зейнетке 63 жаста шығу тым ұзақ деп шағымданып жатыр. Тағы айта кететін, жайт Алматыда еңбек ресурстары өте тапшы. Әлі де жұмыспен қамту проблемалары бар», – деді «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев.

Сондай-ақ, әлемдік пандемияның компанияға әкелген зардаптары да сөз болды. Мәселен, карантинге дейін ұйымда 360 жұмысшы болса, қазір олардың саны 320-ға дейін азайған. Осы орайда жиында ақжолдықтар партия бағдарламасындағы кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағыттарды қарастырды.

«Наурыз-сәуір айларында қала шекрасына блок-бекеттер қойылғаны белгілі. Ал зауыт қызметкерлерінің 50 пайызы Алматы облысында тұрады. Тиісінше олар  жұмысқа қатынай алмады. Қала ашылғанға дейін олардың біраз бөлігі басқа орындарға жұмысқа кіріп кетті. Енді өндірісімізде кадрлар жетіспей жатыр», – деді компанияның бас директоры Асқар Бисқұлтанов.