|
12.04.2019 | 15:40
3275

Алматы әкімі АҚШ Елшісі Уильям Мозермен кездесті

АҚШ Қазақстанның жетекші серіктестерінің бірі болып табылады

Алматы әкімі АҚШ Елшісі Уильям Мозермен кездесті

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозермен кездесті. Басқосу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесін талқылады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Мен кейде өзімді алматылықпын деп сезінем. Өйткені, осында 1996 мен 1999 жылдар аралығында өмір сүрдім. Сол кездер менің өмірімде ең бақытты сәттер болды. Сонымен қатар, балаларым да осы ғажап қалада өсті. Бүгінде Алматы өте қарқынды дамып келеді. Түрлі жобалар да іске асырылып жатыр. Мені таң қалдырғаны – Панфилов көшесі. Ондағы атмосфера керемет. Жалпы қалада жаяу жүргіншілерге басымдылық берілген, балалар ойнайтын алаңдардың артқаны қуантады. Мегаполис адамдарға арналған қала ретінде өзгеріп келе жатқанын көруге болады», - деді АҚШ елшісі Уильям Мозер кездесу барысында.

Ол сондай-ақ, Алматының АҚШ-тың Бас консулдығы орналасқан Орта Азиядағы жалғыз қала екенін де атап өтті.

«Біз қалаға стратегиялық мән береміз және Бас консулдық үшін жаңа нысан салуды жоспарлаудамыз. Бұл ұзақ мерзімді әріптестік байланысты дамытуға оң ықпал етеді. Меніңше инвесторларды және Қазақстанда еңбек етуге ниет білдіруші түрлі американдық компанияларды қызықтырады де ойлаймын», - деді Уильям Мозер.

Осы күні АҚШ – Қазақстанның жетекші серіктестерінің бірі. Алматы қаласында жылу коммуникация, қаржы, сауда және басқа салаларда американдық капиталмен 172 кәсіпорын жұмыс істейді. Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы өткен жылдың 11 айы ішінде бұрнағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға өскен, басқаша айтқанда 470 миллионнан астам АҚШ долларын құраған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир