Үздік үштікті Түркістан облысы қорытындылайды
Республика бойынша дауыс беру кеше кешкі сағат 20:00-де аяқталды. Тек Батыс Қазақстан облысындағы бес өңірде уақыт айырмашылығына байланысты 9-да тоқтатылған болатын. Жалпы, қорытынды мәліметтер бойынша, Алматы облысы азаматтарының 90 пайызға жуығы өз таңдауын жасапты. Екінші орында Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстары – 84,9 пайызы дауыс берген. Үздік үштікті Түркістан облысы қорытындылайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясы тізімге енгізілген сайлаушылардың 77,4 пайызы бюлеттендерді алғанын мәлімдеді. Еске сала кетейік, өз үміткерін таңдауға нақты 11 миллион 947 мың 995 азаматтың құқығы болды.
АЛМАТЫ ОБЛ – 89,0%
АҚТӨБЕ, ШҚО ОБЛЫСЫ – 84,9%
ТҮРКІСТАН ОБЛ – 84,8%
Ақмола облысы – 83,4 %
Алматы облысы – 89,0 %
Атырау облысы – 71,2 %
Шығыс Қазақстан облысы – 84,9 %
Жамбыл облысы – 81,3 %
Батыс Қазақстан облысы – 66,3 %
Қарағанды облысы – 77,3 %
Қостанай облысы – 84,1 %
Қызылорда облысы – 81,6 %
Маңғыстау облысы – 68,9 %
Павлодар облысы – 81,2 %
Солтүстік Қазақстан облысы – 79,8 %
Алматы қаласы – 52,2 %
Шымкент қаласы – 67,6 %
Нұр-Сұлтан қаласы – 68,9 %