Ол 1979 жылы 29 маусымда Қапшағай қаласында дүниеге келген
Аудан әкімінің бұйрығымен Айдар Нұрмұханбет Талғар әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Талғар әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Аудан әкімінің өкімімен Талғар қаласының әкімі лауазымына Нұрмұханбет Айдар Болатбайұлы тағайындалды», – делінген хабарламада.
Айдар Болатбайұлы 1979 жылы 29 маусымда Қапшағай қаласында дүниеге келген.
2006 жылы Д.Қонаев атындағы университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек еткен жылдары әкімдікте, сол секілді әділет саласында түрлі лауазымда қызметтер атқарған. Ол 2017 жылдан 2020 жылға дейін Талғар аудандық әділет басқармасының бастығы болды, ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданаралық әділет басқармасының бастығы қызметін атқарды.