ҚР Президенті Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады

newtimes.kz
newtimes.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Бернд» циклонынан туындаған толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл Германия халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апат кезінде жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне, ал із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.


Новости партнеров