Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айтты
Акорда
Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдіремін – Тоқаев
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Украинаның Харьков облысында ұшақ апаты салдарынан украиндық әскерилердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған курсанттардың туған-туысқандарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31