|
27.02.2020 | 15:53
4822

Алматыда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 200 жоба жүзеге асырылады

Ағымдағы жылы археологиялық мұражай кешендерін, ашық аспан астындағы мұражайларды құру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады

Алматыда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 200 жоба жүзеге асырылады Almaty.tv

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Гүлнар Қоңырова мен Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Фариза Қамбарова 2020 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2020 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жоспары 200 жобаны қамтиды, оған 211 іс-шара кіреді. Бұл жоспар 3 негізгі бағытты жүзеге асыруға бағытталған. Бірінші бағыт-жеке тұлғаны дамыту (68 шара); екінші бағыт-ұлтты дамыту және халықаралық ұстаным (58 шара); үшінші бағыт-мемлекетті, қоғамды, жергілікті қоғамдастықты дамыту (85 шара).

Бірінші бағыт бойынша – тұлғаны дамыту бәсекеге қабілетті  қазақстандықтың  патриоттық бейнесін құруға бағытталған.

«Ағымдағы жыл ЮНЕСКО-ның күнтізбесіне  шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Ұлы Абайдың 175 жылдығы енгізілген мерейтойлық даталармен белгіленген. Осыған байланысты, жоспарға 38 шара енгізілді, шара олардың мызғымас мұрасын кеңінен насихаттайды. Бұл Abai Street Fest ашық аспан астындағы фестивальдің театрландырылған қойылымы, оның аясында "Желсіз түнде жарық ай" тақырыбында "Музейдегі түн" акциясын, "Абай weekend" фестивалін, Farabi World жас ғалымдар форумын және әл-Фарабидің мерейтойына арналған халықаралық конференцияны өткізу көзделген. Биылғы жылдың ақпан айында Жетісу ауданында Абайдың мүсіні орнатылды», – деді Гүлнар Қоңырова.

Сондай-ақ, «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында қаланың жоғары оқу орындары 7 оқулық пен оқу құралын аударуға және шығаруға бастама жасады, бұл жоспарланған 100 оқулықтан бөлек. Бағдарламалық мақала шыққанына 3 жыл толуына орай жоғары оқу орындары үшін «Рухани жаңғыруды тану негіздері» концептуалды оқулығын басып шығару жоспарланған.

Екінші бағыт бойынша – ұлтты дамыту және халықаралық ұстаным бойынша «Жаһандық әлемдегі қазақстандық заманауи мәдениет» арнайы жобасы ерекше орын алады. Оған музыкалық мұраны ілгерілету және түрлі елдермен шығармашылық байланысын  кеңейту үшін халықаралық фестивальдер  енген. Бұл бөлім «Қазақстанның киелі картасы» жобасын іске асыруды қамтиды.

Ағымдағы жылы археологиялық мұражай кешендерін, ашық аспан астындағы мұражайларды құру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Дала фольклоры мен музыкасын танымал ету мақсатында Сазген-Сазы фольклорлық-этнографиялық ансамблінің Санкт-Петербургке, сондай-ақ қуыршақтар театрының Польша мен Болгарияға арналған халықаралық фестивальге шетелдік гастрольдері жоспарланған.

«Бай әдеби мұраны сақтау мақсатында осымен үшінші жыл қатарынан Халықаралық Жазушылар форумы өтеді, ол қазіргі заманның атақты жазушыларын жинайды және әлемнің түрлі елдерінің жазушылары мен әдебиетшілері үшін диалог алаңына айналады», – деп хабарлады Г. Қоңырова.

«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде қазақ және бүкіл түркі әлемінің тарихи, мәдени мұрасын көпшілікке тарату үшін «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этнографиялық фестивалі өтеді.

Үшінші бағыт бойынша – мемлекеттің, қоғамның, жергілікті қауымдастықтың дамуы негізінен «Туған жер» арнайы жобасын қамтиды. Туған жерге,  оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне ерекше көңіл бөлінеді, бұл патриотизмнің көрінісі болып табылады. Оның құрамынан  қалалықтардың тікелей қатысуымен өтетін аудандық, қалалық ауқымдағы шаралар-шығармашылық конкурстар, акциялар кіреді.

«Бұл жоспар тұрғындарды бағдарламаға кеңінен тарту үшін жасалған,оны жүзеге асыруға халықтың барлық санаттарының өкілдері қатысады. Олар – студенттер мен оқушылар, білім беру және мәдениет қызметкерлері, халықтың әлеуметтік осал топтары, қарт адамдар, ұйымдаспаған жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және басқалары. Осылайша әлеуметтік маңызды жобалардың саны артатын болады», – деп атап өтті Фариза Қамбарова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир