Оның құрамында Nur Otan партиясының өкілдері мен белсенді мүшелері, депутаттар және сарапшылар бар
Алматыда «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының орындалуын мобильді топ бақылайды. Оның құрамында Nur Otan партиясының өкілдері мен белсенді мүшелері, депутаттар және сарапшылар бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалада жалпы мемлекет басшысы ұсынған бағдарлама аясында 200-ден астам жоба жүзеге асады. Нәтижесінде 26 мыңдай халық жұмыспен қамтылатын болады. Енді мобильді топ құрылыс басталған әлеуметтік нысандарды тексеріп, аралап жүр. Сондай-ақ, қойылып отырған басты шарт құрылыс жасайтындар тек отандық өнімді қолдануы тиіс. Ал шетелден келген тауарлардың үлесі бар жоғы 20 пайыздан аспауы қажет.
«Алматы қаласының өнеркәсіп орындарының өнімдерін сатып алу арқылы және де бұл құрылыс жұмысқа қала тұрғындарын тартамыз. Бүгінгі біз бақылап отырған балабақшаның қайта жөндеу жұмыстарының осыдан екі апта бұрын басталғанын жоспарға сәйкес екенін көріп отырмыз», – деді қалалық Nur otan партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Борис ЖАППАРОВ.