Мемлекеттік басқаруды қайта құру қажет – Президент

10.07.2020 20:59

Тоқаев дағдарыс қоғамда әлеуметтік теңсіздікті, азаматтардың жергілікті және орталық билікке сенімсіздігін көрсетіп бергенін атап өтті

akorda.kz

Мемлекет басшысы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында күмәнді стратегиялар мен бағдарламаларға қаражат пен күштерді шашыратуға құқығымыз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылымдық реформалардың уақыты келді. Денсаулық сақтау, білім беру, төмен көміртекті технологиялар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ), экология ерекше назарда. Басқаша айтқанда, біз экономиканы халыққа бұруымыз керек»,– деді ол.

Тоқаев дағдарыс қоғамда әлеуметтік теңсіздікті, азаматтардың жергілікті және орталық билікке сенімсіздігін көрсетіп бергенін атап өтті.

«Мемлекеттік басқаруды қайта құру қажет. Ол жергілікті өзін-өзі басқаруды айтарлықтай күшейтуді көздейтін саяси реформаның бір бөлігі болады. Қазір сапалы жаңа міндеттерді орындау үшін кадрларды іріктеу аса маңызды міндет болып отыр. Жаңа курс жаңа орындаушыларды – білімді, батыл, бастамашыл, іскерлік және адал орындаушыларды қарастырады,»,– деді ол.

Мемлекет басшысы мұндағы қатысушы команда көрсетілген критерийлерге сәйкес келу-келмеу жағын ойлап көру керегін айтты.

«Мұндағы қатысушы команда көрсетілген критерийлерге сәйкес келе ме деп ойлаңыз. Үкімет мүшелері, әкімдер өз мүмкіндіктерін парасатты бағалайды және мемлекет пайдасына шешім қабылдайды деп ойлаймын. Десе де, өзін-өзі сынау жағы бізде қиындық тудырды»,– деді президент.