Бибігүл Жексенбай «Astana TV» бас директоры болып тағайындалды

18.04.2019 21:02

Парламент Сенатының экс-кеңесшісі Бибігүл Жексенбай «Astana TV» бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Белгілі тележурналист, білікті маман Бибігүл Жексенбай «Астана»" телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Бүгін телеарнаға арнайы барып, ұжымға жаңа басшыны таныстырдым», – деп атап өтті Facebook-тегі парақшасында Мәулен Әшімбаев.