БАҚ-қа үгіт-насихат материалдарын орналастырудың шарттары мен тәртібі қандай – ОСК

24.11.2020 21:02

Бұқаралық ақпарат құралдары ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды

фото из открытых источников

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 4 желтоқсаннан кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлау және жариялау тиіс екенін еске саламыз.

Бұқаралық ақпарат құралдары ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды. Заңнаманың осы нормасын бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша эфирден және баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер - Орталық сайлау комиссиясына, мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларына берілуге тиіс.

Анықтама: аумақтық сайлау комиссияларының байланыстары мына сілтеме бойынша орналасқан: https://www.election.gov.kz/kaz/tercomms/

Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

тел. 75-21-03, 75-23-69

a.khusainova@election.gov.kz

v.zheksembekova@election.gov.kz

https://t.me/electionelection