Экс-әкімі Болат Бақауовтың ісіне қатысты сот үкімі шықты

27.05.2020 21:08

Ол 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылды

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, Бақауов өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сот үкімімен экс-әкімге көңіл көтеру орындарына баруға да тыйым салынды. Бұдан бөлек, ол 100 сағат уақыт қоғамдық еңбекке жұмылуға және 10 мың долларды қайтаруға міндеттелді. Еске салайық, биыл қаңтарда Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ұсталып, үй қамауына алынғаны хабарланған еді. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.