|
09.06.2022 | 16:11
592

Елімізде жаңа саяси ұйым тіркелуі мүмкін

Қазақстанда 6 партия бар

Елімізде жаңа саяси ұйым тіркелуі мүмкін Almaty.tv

Елімізде тағы бір жаңа саяси ұйым –  «Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қаралып жатыр. Ол туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 6 партия бар. Сондай-ақ Парламент палаталарын құрудың референдум арқылы мақұлданған жаңа ережесі сегізінші шақырылымның Мәжіліс депуттаттарын сайлаудан бастап қолданылатынын айтты. Ал қазір жұмыс істеп жатқан жетінші шақырылым депутаттары әзірге таратылмайтынын атап өтті.

«Бұл нормалар сегізінші шақырылымның Мәжіліс депуттаттарын сайлаудан бастап қолданылатын болады. Қазір бізде жетінші шақырылым жұмыс істеп жатыр. Олар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін өз қызметін жалғастырады. Қазір жетінші шақырылымды тарату туралы мәселе қойылып отырған жоқ», – деді ҚР Әділет вице министрі  Алма Мұқанова.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир