Тоқаев БҰҰ ассамблеясы форумында адамзатты алға жылжытатын маңызды салаларды атады

Тоқаев БҰҰ ассамблеясы форумында адамзатты алға жылжытатын маңызды салаларды атады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Білім саласындағы реформа, сандық және жасыл экономиканың дамуы адамзаттың алға жылжуына септесетін салалар. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біріккен ұлттар ұйымы ассамблеясының аясында өткен форумда айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шара бағдарламасында алғашқы болып сөз сөйлеген Қазақстан Президенті  2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттары адамзат үшін бәрі тең дәрежеде әлеуметтік, технологиялық және экономикалық жетістіктердің игілігіне ие бола алатын кемел келешекке жетудің нақты жол картасын ұсыну екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев  біздің елдің тәжірибесінде орнықты даму мақсаттарының 80 пайызы Қазақстанның стратегиялық бағдарламаларында қамтылғанын тілге тиек етті.

«2018 жылы Қазақстан БҰҰ институттарымен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін «институционалдық архитектура» енгізді, оның ішінде Басқарушы кеңес құрылды. Орнықты даму мақсаттары жөнінен өткен алғашқы форум 2019 жылғы Астана экономикалық форумының негізгі іс-шарасына айналды. Биыл шілде айында біз алғаш рет Қазақстанның ерікті түрдегі ұлттық шолуын ұсындық», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Мемлекет басшысы Орнықты даму мақсаттарының әлемдік үдерістерге ықпалын ескере отырып, оны жекелеген санаттардың немесе елдерде жүзеге асырудан қол жеткізетін жетістікке қанағат тұтып қарап отыруға болмайтынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Орнықты даму мақсаттарының өңірлік және халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне Қазақстанның белсенді атсалысып жатқанына тоқталды. Оның сөзінше, Орнықты даму мақсаттарына бөлінетін қаржы ресурстарының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету қажет.

Новости партнеров