Әміржан Қосанов Батыр Баян мен Мағжан ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды

Әміржан Қосанов Батыр Баян мен Мағжан ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов Солтүстік Қазақстан облысына барып, халықпен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түскен кандидат үгіт-насихатты бастамас бұрын Батыр Баян мен ақын Мағжанның ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, облыстағы бірнеше нысанды аралап, халықтың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді.

«Президенттікке үміткер Әміржан Қосанов бүгін киелі өлкемізге келіп отыр. Мағжан атамыздың әруағына тағзым етті. Өз елінің тарихи тұлғаларын білу – әр азаматтың парызы. Әміржан Қосановтың сайлауалды жұмыстарын Қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Мағжан атамыздан бастауы жайдан-жай емес», – деді педагог Марал ҚАНТАЕВА.

«Меніңше бұл сапардың басталуының екі символикалық белгісі бар. Біріншіден, Батыр Баян – қазақтың тәуелсіздігі үшін күрескен батыр. Өкінішке орай, аты көп атала бермейді. Сондықтан Тәуелсіздік рухын жастарға баулу, Тәуелсіздікті қадірлеу, Тәуелсіздік үшін күресу, ат салысу әрбір азаматтың миссиясы деп ойлаймын. Ал, Мағжан Жұмабаевты алты алашқа таныстырудың қажеті де жоқ, ол –ұлы ақын», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан ҚОСАНОВ.

Новости партнеров