Алматы қаласы атынан Сенат депутаттығына кімдер кандидатурасын ұсынды

05.12.2022 21:20

Кандидат 30 жастан асқан әрі ел аумағында соңғы 10 жыл тұруы тиіс

kzvesti.kz

Елімізде 14 қаңтарда Сенат депуттарын сайлау өтеді, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Ал Алматы қаласы атынан депутаттыққа үш адам кандидатурасын ұсынды. Олар – Қызмет көрсету және технологиялар колледжінің директоры Жарқын Жаниязова, «Almaty Gallery» сурет галереясының жетекшісі Кристина Бекмурзаева, сондай-ақ белсенді әрі құқық қорғаушы  - Әлнұр Ильяшев. Алайда өңірлік сайлау комиссиясы Әлнұр Ильяшевтың кандидатурасын бұрын сотталғанына байланысты талапқа сай келмейді деп таныған.

«Сенат депутаттығына үміткерлер үшін талаптары бар. Кандидат 30 жастан асқан әрі ел аумағында соңғы 10 жыл тұруы тиіс. Сондай-ақ өзіне тиісті аймақта кемінде 3 жыл тұруы міндетті», – деді  Өңірлік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Айгүл Қалықова.

Теги: кандидаты