|
11.04.2020 | 21:24
5154

Қасым-Жомарт Тоқаев Джек Маға алғыс айтты

ҚР Президенті күрделі кезеңде ынтымақтастықтың маңызы зор екенін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Джек Маға алғыс айтты Фото: akorda.kz

Әлемге әйгілі миллиардер Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv.   

Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма бұған дейін біздің елге қолдау көрсететін әлеуметтік желіде хабарлаған болатын. Медициналық көмек 10 сәуірде Қытайдың Шицзячжуан қаласынан Алматыға жеткізілді. Транзитпен келген жүк Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен іске асты. Қиын кезеңде көмек көрсеткені үшін Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Джек Маға өзінің Туиттер парақшасында алғысын жеткізді.

«Мен әлемге әйгілі кәсіпкер және халқымыздың жақсы досы Джек Ма мырзаға шын жүректен алғысымды білдіремін. Ол шын мәнінде, өте күрделі жағдайларда ынтымақтастықтың өте маңызды екенін көрсетті. Біз бірге міндетті түрде барлығын жеңеміз»,деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Медициналық-гуманитарлық көмектің салмағы 4 жарым тоннаны құрайды. Жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап және адам қызуын алыстан анықтайтын термометрлер бар. Мұндай көмек Қытай мен Қазақстан арасындағы серіктестік тарапынан елімізге жеткізіліп отырған алғашқы көмек емес.

«Гуманитарлық көмек Бішкек арқылы Алматыға транзитпен келді. Бұл медициналық құралдарды ҚР Денсаулық сақтау министрі алдағы уақытта аймақтарға белгіленген мөлшермен тарататын болады. Бұл Қытайдан келіп отырған алғашқы гуманитарлық көмек емес. Бұған дейін Алматыға Қытай үкіметі партиясының ұйымдастыруымен көмек жеткізілген болатын», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің басшысы Ерлан ЫСҚАҚОВ.

Сонымен қатар, алдағы күндері Қытай еліндегі қорлардан Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс тестілер және өкпені жасанды желдету аппараттарын жеткізу жоспарлап отыр. Айта кету керек, бүгінде күллі әлем елдері коронавируспен күресіп жатыр. Ал, індетті жеңудің бірден-бір жолы карантин талаптарына бағынып, тазалық шараларын қатаң сақтау болып тұр.

Айта кетсек, 10 сәуір күні аты әлемге мәшһүр бизнесмен Джек Ма Қазақстанға салмағы 4,5 тоннаны құрайтын медициналық қорғаныс құралын жолдаған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир