Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жолдады
© EPA-EFE/MARTIAL TREZZINI
Медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4,5 тонна гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ алыстан анықтайтын термометрлер бар.
Сонымен қатар, алдағы күндері аталмыш қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс тестілерді және өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52