Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентін елорда әуежайында күтіп алды

12.10.2022 21:22
t.me/bort_01


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында күтіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында күтіп алды", - делінген хабарламада.