«Ауыл» партиясы Парламент мәжілісінің сайлауына қатыса ма

27.10.2020 21:24

Бұл туралы партия төрағасы Әли Бектаев саяси кеңестің отырысында мәлімдеді

Алдағы болатын Парламент мәжілісінің сайлауына халықтық-демократиялық «Ауыл»  партиясы да қатысатын болды. Бұл туралы аталған партия төрағасы Әли Бектаев саяси кеңестің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында сөз сөйлеген ол «Ауыл» партиясының мақсаты – ауыл шаруашылығына және өңірлердегі азаматтардың мәселелеріне баса назар аудару деді. Сондай-ақ, сайлау - елдегі демократияны анық көрсететінін айтты. Еске салайын, парламенттің төменгі палатасы депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында болады.