Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады

14.03.2023 в 21:25

Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесуде белгілі болды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесуде белгілі болды.

Аталған кездесуде биыл мамыр айында Сиань қаласында өтетін «Орталық Азия + Қытай» саммитінің және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға жоспарланған мемлекеттік сапарының өзектілігі сөз болды.

Сондай-ақ екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту маңызды екеніне назар аударылды.