Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты.
«Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын», - делінеді Ақорда сайтында.
Тұрсынов Әділ Қапанұлы 1973 жылы Алматыда дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолы:
ҚР СІМ Халықаралық ұйымдар мен халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында референт, атташе (1994-1996);
ҚР Үндістан Республикасындағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы, ҚР Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы (1996-1999);
ҚР СІМ Дипломатиялық академиясында тыңдаушы (1999-2001);
ҚР СІМ түрлі басшылық қызметтерде болды (2001-2004);
ҚР Сингапурдегі істерінің уақытша Сенімді өкілі (кеңесші-елші) (2004-2008);
ҚР Президент әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары (2008-2009);
ҚР СІМ Еуропа Департаментінің директорі (2009-2012);
ҚР Грузиядағы істерінің уақытша Сенімді өкілі, ҚР Грузиядағы кеңесші-елшісі (2012-2014);
ҚР СІМ ТМД Департаментінің директоры (2015-2016);
ҚР Президент әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (05.2016 бастап).