Қазақстан астанасының атауы Нұрсұлтан деп өзгереді

20.03.2019 21:33

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттары заң жобасын екі оқылымда да мақұлдады

Қазақстан астанасының атауы Нұрсұлтан деп өзгертілді, деп хабарлайды Sputnik.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда елорда атауын Нұрсұлтан қаласы деп өзгерту туралы мәселе қаралды.

«Қазақстан Конституциясына сәйкес үкімет астананың атауын өзгерту туралы түзету енгізу үшін республикалық референдум өткізу жөнінде Қазақстан президентіне ұсыныс жасады. Президент бұл ұсынысты референдума шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады», - деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Ол бұл мәселе бойынша Конституциялық кеңес өзінің оң қорытындысын бергенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Конституцияның 91-бабы 1-тармағына сәйкес, Парламенттің қарауына Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын енгізді. Бұл жоба республика астанасының атауын Астана қаласынан Нұрсұлтан қаласына өзгертуді көздейді. Ұсынған түзетулерді қолдауыңызды сұраймын», - деді президент әкімшілігі басшысының орынбасары Әлия Рақышева.

Қос палата депутаттары заң жобасын екі оқылымда да мақұлдады.

«Тарихи шешім қабылданды», - деді Нығматулин.