Қазақстандықтар республика бойынша ашылған он мыңға жуық сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап жатыр
Елорда уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 65,9% дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ақмола облысы бойынша - 75,1 %
Ақтөбе облысы бойынша - 79,7 %
Алматы облысы бойынша - 78,9 %
Атырау облысы бойынша - 64,9 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 69,8 %
Жамбыл облысы бойынша - 71,8 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша - 59,8 %
Қарағанды облысы бойынша - 63,1 %
Қызылорда облысы бойынша - 64,5 %
Қостанай облысы бойынша - 69,7 %
Маңғыстау облысы бойынша - 60,3 %
Павлодар облысы бойынша - 67,9 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 68,3 %
Түркістан облысы бойынша - 70,0 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 49,6 %
Алматы қаласы бойынша - 45,7 %
Шымкент қаласы бойынша - 55,6 %
Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1% өз таңдауын жасады. 14:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8% сайлау бюллетенін алды.
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды. Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.
Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.