СІМ түрік билігімен байланыс орнатты
Президент Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшсі Ақордаға сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.
Осыған дейін Түркиядағы алапат жер сілкінісі салдарынан елдің 10 провинциясында көз жұмғандар саны 284 жетіп, зардап шеккендер 2323 жеткені хабарланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.