Жаңа басшыны ұжымға ҚР Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев таныстырды
«QAZAQSTAN» РТРК» АҚ басшысы болып Ләззат Танысбай тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.
Министрі Л.Танысбайды телевизия саласының білікті маманы екенін айтып, телеарнаны жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.
«Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Л.Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», - деп жазды Д.Абаев әлеуметтік желіде парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін «QAZAQSTAN» арнасын басқарған Ерлан Қарин ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді.