Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиeевпен телефон арқылы cөйлесті

18.03.2020 21:38

Екі елдегі коронавирустың таралу жағдайын талқылады

egemen.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы екі елдегі коронавирустың таралу жағдайын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әңгіме барысында мемлекет басшылары коронавирус пандемиясына қарсы күреске байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасты. Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл әрекеттерін қолдап, олардың уақытылы және негізді жасалып жатқанын атап өтті. Президенттер жоғары деңгейдегі ынтымақтастық және екі ел үкіметтерінің қызметін үйлестіру туралы да уағдаласты. Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығы туралы да ортақ пікір айтылды.