Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын өткізді

22.02.2022 20:18

Онда Украинадағы жағдайларға байланысты Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қарастырылды

Акорда

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv Ақордаға сілтеме жасап. 

Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиыны өтті. Онда Украинадағы жағдайларға байланысты Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қарастырылды.

Президент Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың, Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың және басқа да ведомство басшыларының баяндамаларын тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-саяси және санкциялық текетірестердің нәтижесінде ушығуы мүмкін халықаралық ахуалға шұғыл әрекет ету үшін дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қабылдау қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатерлердің алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.