Алматы қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

11.07.2019 21:53

Осы позицияны атқарған Жігер Қалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды

Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Талғат Сәрсенбаев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Т.Сарсенбаев 1966 жылы туылған. 1987 жылы Қарағандыдағы КСРО ІІМ-нің жоғары мектебін, 2015 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.

Мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар. Әр жылдары құқыққорғау органдарында, жоғары оқу орындарында, ҚР Президенті Әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарған, Ресейдегі ҚР Елшілігінде кеңесші, ҚР Парламенті Сенатының аппарат басшысы, «Самрұқ-Қазына» АҚ түрлі позицияларда болған. Соңғы үш жылда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілі қызметін атқарған. Заң ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Бұрын осы позицияны атқарған Жігер Қалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.