Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;
Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі;
Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі;
Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;
Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов Премьер-Министр болып тағайындалды