Биыл 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді
Президенттік сайлау Қазақстан халқы үшін маңызды! Қазақстанның еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткері Уәлихан Қалижанов осындай пікірде деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, жаңа мемлекет басшысы Тұңғыш президент бастамаларын одан әрі жалғастырып, Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосу керек.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі үндеуін қарап шықтым, бұл шешім Қазақстан халқы үшін өте қажет. Өйткені, аумалы-төкпелі заманда ұзақ өмір сүру қиын әрі қауіпті. Сондықтан, қазір бізге тезірек сайлау өткізіп, президентті бекітіп алуымыз керек. Экономикалық дамуды, Елбасының қолға алған бастамаларын одан әрі жалғастыру керек. Тұрақты жұмыс істеу үшін бізге тұрақты басшы керек», - дейді У.Қалижанов.