Футбол және машинақұрастыру: ҚКХП болашағы жарқын салаларды атады

20.05.2019 23:44

Нұр-Сұлтанда әуесқой футболшылар арасында «Көктем - 2019» турнирі өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырған жарысқа Коммунистер партиясынан «Жастар» командасы қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал үміткер Жамбыл Ахметбеков ойыншыларды турнирдің ашылуымен құттықтап: «Спорт заманауи қоғамның маңызды саласы және оның дамуының кепілі» екенін айты. Үміткер Коммунистер партиясының елдің даму бағытының негізгі тірегі еңбек адамы, оның өмірі, мәдениеті мен елге қызмет етуге деген ұмтылысы болуын талап етуді жалғастыратынын мәлімдеді.

«Біз жастарды интернетке тәуелділіктен алшақтатқымыз келеді. Себебі ондағы деструктивті мазмұндағы материалдар ұлтаралық және конфессияаралық араздық тудыруы мүмкін. Ал спорт адамдарды олардың шығу тегі мен дініне қарамастан біріктіреді. Ал, бұл – ғаламторға деген тәуелділікпен күресудің тиімді жолы. Сондықтан Коммунистер партиясы  бұқаралық спортты дамытып, жастарды салауатты өмір салтын сақтауға шақырады», – деді ҚКХП-ның  республикалық штаб жетекшісі АЙҚЫН ҚОҢЫРОВ.

Коммунистер партиясының туын қолға алған белсенділер тобы автошеру ұйымдастырды. Қаз-қатар тізілген 30 шақты көлік елорданың бас көшелерімен жүріп өтті. Үгіт жұмыстарын жүргізудің ерекше тәсілі Пионерлер күніне орайластырылған. Белсенділер тобы  қала тұрғындарымен кездесіп, үгіт парақшаларын таратты.

«Бүгінгі автошеруіміз Пионерлер күніне арналған. Біздің бағдарламамыз бес негізгі бағыттан тұрады. Ол бағдарламамыз «Адал еңбек - халық мүддесі үшін деген ұранмен» бекітілген.  Бүгінгі автошеруіміз халықпен кездесудің тиімді тетіктері болып саналады», – деді Президенттікке үміткер Жамбыл АХМЕТБЕКОВ.