Президенттің туған күніне ешқандай іс-шара жоспарланбаған

15.05.2023 22:06

Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді

img.kapital.kz

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

- Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді, - деп жазды Руслан Желдібай.

Президенттің баспасөз хатшысы еске салып өткендей, 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады.