Мемлекет басшысы Марокко Короліне жеделхат жолдады

09.09.2023 22:15

Ол хатта бауырлас елге көңіл айтты

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.