Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді

15.01.2023 22:25

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді

akorda.kz

Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірлік арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сондай-ақ маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.