Президент бірнеше әкімге сөгіс жариялады

29.06.2020 22:27

Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-дағы парақшасында жазды

Фото: zakon.kz

Президент бірнеше әкімге сөгіс жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-дағы парақшасында жазды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады», – деп жазады ол.  

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

А.Жұмағалиевке ескерту жасаған.

«Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажет екенін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты», – деді Б.Уәли.